«Ешқандай да Стоилов келмейді, Цхададзе бізбен бірге қалады»

0

«Ордабасының» қаржы директоры Бақтияр Байсейітов Станимир Стоиловтың клубқа бас бапкер болғанын жоққа шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz. 

— Ешқандай да Стоилов келмейді, Цхададзе біздің командамен бірге қалады, — деді Байсейітов Prosports.kz порталына берген сұқбатында.

Естеріңізге сала кетейік, «Ордабасының» қазіргі бапкері Кахабер Цхададзе жақын арада қызметінен кетеді деген сыбыс шыққан болатын. 



prosports.kz