«Ертіс» үш ойыншымен келісімшартқа қол қойды

0

Павлодарлық «ERTIS» футбол клубы үш жаңа ойыншының трансфері жайлы ресми түрде хабарлайды. Команда құрамын жартылай қорғаушылар Мадияр Райымбек, Ойбек Балтабаев және қорғаушы Бауыржан Тәңірбергенов толықтырды.

Алматылық «Қайрат» ойыншысы болып  табылатын Мадияр Райымбек «ERTIS» командасына бір жылға жалға алынды. 23-жасар жартылай қорғаушы «Қайрат» академиясының түлегі, кәсіби мансабын клубтың жастар құрамасында бастаған. Сонымен қатар 2017 жылы «Тараз» ФК өнер көрсеткен. 2015 жылы Премьер-Лига командаларының жастар құрамаларының біріншілігінде барлық жаттықтырушылардың нұсқасы бойынша ең үздік ойыншы болып танылған. Өткен маусымда «Екібастұз» ФК намысын қорғаған. Қазақстан жасөспірімдер құрамасына шақырылған.  

24-жасар Тәңірбергенов Семей футбол мектебінің және «Қайрат» академиясының тәлімгері болып табылады. Кәсіби мансабын «Қайрат» жастар құрамасында бастап, төрт маусым аясында 93 матч өткізіп, 6 гол соққан еді. 
Соңғы үш жыл бойы «Алтай» ФК намысын қорғап, команда сапында 69 матч өткізіп, 6 рет нәтижелігімен көзге түскен еді. 

24-жасар жартылай қорғаушы Ойбек Балтабаев алматылық футбол мектебінің тәлімгері. Кәсіби мансабын 2012 жылы «Қайрат» жастар командасында бастаған. 2016 жылы «Мақтаарал» ФК өнер көрсетіп, кейін «Қайрат» сапына қайта оралып, Премьер-Лига ойындарына алғашқы рет қатысқан. Өткен маусымда «Алтай» ФК намысын қорғаған. Футболшы 30 матч өткізіп, 1 голдың авторы атанған еді.

Балтабаев және Тәңірбергеновпен еңбек келісім-шарттары бір жылға қарастырылған. 



Дереккөз: prosports.kz/kz