«Ертіс» футбол клубы ел біріншілігін бас бапкерсіз бастады
«Ертістің» бас бапкері Димитар Димитров Қазақстан чемпионатының «Тобылға» қарсы өтетін 1-тур ойынына барған жоқ.
Болгариялық маман сырқатына байланысты Павлодарда қалуға мәжбүр болды. Тұмаумен ауырған бапкер командасымен Қостанайға бара алған жоқ. «Тобылға» қарсы сырт алаңда өтетін ойында оның орнына көмекшілері Георгий Чиликов пен Петар Колев командаға жетекшілік етеді. Айтпақшы, Чиликов Қостанаймен жақсы таныс деуге болады. Ол 2009 жылғы чемпионаттың алғашқы айналымын қостанайлық ұжым сапында өткізген болатын.
Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан чемпионаттарының 28-маусымы басталады. Қостанайдағы жаңа «Тобыл Арена» стадионында алаң иелері «Ертісті» қабылдайды. Ойын Астана уақытымен 17:00-де басталады.
Дереккөз: prosports.kz/kz