Еркебұлан Сейдахмет Ресейдегі өмірі жайлы айтып берді » Vesti.kz
Еркебұлан Сейдахмет сұхбатында футболға қалай келгені, Ресейдегі өмірі және анасы жайлы әңгімелеп, Қазақстандағы футболға қатысты ойын айтты.
«(…) Футболға алғаш рет 6-7 жасымда бардым. Жарыстар көп болды, көп ұштық. Сабаққа үлгере алмай кеткен кездер болды, қосымшаға да баруға үлгермей кеткен едім. Дегенмен ҰБТ-ны жақсы тапсырдым», — дейді 18 жастағы футболшы.
Мұнымен қоса, спортшы қай футболшыларды үлгі тұтатыны жайлы сұраққа жауап берді.
Еркебұлан Сейдахмет футболдың бизнес екенін жасырмады. Айтуынша, футболда ақша көп және онда жақсы табыс табуға болады. Алайда ол нақты қанша жалақы алатынын айтпады.
«Ол құпия мәлімет. Мен өзімнің қанша тұратынымды айта алмаймын. Клубтардың да қаншаға сатып алатынын білмеймін. Ресейге келгенде менің командам жоқ болатын. Ешкіммен келісімшарт та болмады. Ал қазір Уфамен келісімшарттамын. Ал Қазақстан құрамасында ойнағаным үшін еш ақша алмаймын. Тек өз елімнің намысын қорғау үшін ойнаймын. (…) Айлықты бізге жариялап айтуға болмайды», — дейді футболшы.
Бұдан бөлек, Еркебұлан өзге елде қандай кедергілерге тап болғаны жайлы, сондай-ақ, болашаққа жоспарларын айтып берді.
Дереккөз: http://kaz.vesti.kz/