Елизавета Король нысана көздеуден әлем кубогында қола жүлдегер атанды

Нысана көздеуден Үндістанда өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Елизавета Король қола жүлдегер атанды.
Ол пневматикалық винтовкамен 50 метрге нысана көздеуден іріктеу кезеңін 8-ші орында аяқтаған болатын. Финалда Король өз нәтижесін жақсартып, қола жүлдеге қол жеткізді.
Сондай-ақ, 1171 ұпаймен Қазақстанның жаңа рекордын орнатты.
Әлем кубогы кезеңдерінде Олимпиада ойындарының лицензиясын жеңіп алу мүмкіндігі жоғары екенін естеріңізге саламыз.
Дереккөз: prosports.kz/kz