Елімізде могул спорты танымал болып келеді

0

Могулдан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Дмитрий Рейхерд Алматыда өткен әлем кубогының соңғы кезеңін қорытындылады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

— Әлем чемпионатының қарсаңында жарақат алып қалдым. 25 күн өтсе де әлі қалпыма келіп жатырмын. Қазір өзімді жақсы сезінемін. Жарақатпен жарыс жолына шығуға болмайды. Өйткені омыртқа ойыншық емес. Кем дегенде екі ай емделу қажет.

Могул Алматы мен бүкіл елде танымал болып келеді. Жанкүйерлеріміздің саны да артып жатыр. Егер осылай түрлі жарыстар өткізсек, қызығушылық танытқандар балаларын осы спортқа береді, — деді Дмитрий Рейхерд.



Дереккөз: prosports.kz/kz