Елеусіновтің Олимпиада алтынын сыйлаймын, бірақ, әуесқойда үздіктер кәсіпқойда сөніп қалады

0
Бұрынғы әлем чемпионы Сергей Ковалевтің (32-3-1, 28 KO) бапкері Дерек Сантос-Росарио Vesti.kz қазақстандық Данияр Елеусіновпен (5-0, 3 КО) кездесуі туралы айтып берді. Маман спортшының болашағына болжам жасап, америкалық Эррола Спенсті (24-0, 21 KO) мысалға алды.

«Даниярды АҚШ-та Дычкоға келгенде көрдім. Біраз әңгімелестік. Қазір оны Джон Дэвид Джексон жаттықытырады. Ол көптеген мықты боксшыларды дайындаған мықты маман. 

Данияр — әлеуеті үлкен талантты боксшы. Алғашқы жекпе-жектері қарабайыр болды, бірақ, кәсіпқой мен әуесқой бокс арасында айырмашылық өте үлкен. Нәтиже тәжірибемен келе жатар. Оған уақыт керек.  

Елеусіновтің Олимпиада жүлдесін сыйлаймын, бірақ, өмірде әуесқойда тәжірибесі болмағандар кәсіпқойда үлкен жетісітікке жеткендеін көрдім. Спенсті мысалға алайын. Ол әуесқойда маңызды турнирлерді жеңбеген, алайда, қазір жартылай орта салмақтың көшбасшысы. 

Кәсіпқой бокс — ауыр жұмыс. Даниярда үлкен жетістіктерге жетуге үлкен мүмкіндік бар. Әуесқойда үздік болғандардың кәсіпқойға келіп жұлдызы сөнгенін көрдім. Бұл өте қауіпті. Бәрі Елеусіновтің мінезі мен ойлауына байланысты. Егер тырысып, еңбек етсе, қолынан бәрі келеді», — деп атап өтті Сантос-Россарио.

Айта кетейік, Сантос-Росарио бір кездері Ковалевті жаттықтырғанымен белгілі, қазір ол қазақстандық Олимпиада жүлдегері Ивана Дычконының (7-0, 7 КО) бапкері.