Екі белбеу үшін алғашқы жекпе-жегінде жеңген Ломаченко әлемдік рейтингте Головкиннен асып кетті

0
Жеңіл салмақта WBA (Super) және WBO чемпионы украиналық Василий Ломаченко (12-1, 9 КО) BoxRec нұсқасы бойынша P4P рейтингінде үшінші орынға көтерілді, — деп хабарлайды iSport.ua.

Кеше Ломаченко пуэрторикалық Хосе Педрасаны (25-2, 12 КО) нокдаунға түсіріп, карьерасындағы белбеулерді біріктіретін алғашқы жекпе-жегінде төрешілер шеімімен жеңіске жетті. 

Бұл жекпе-жекке дейін Ломаченко тізімде бесінші болып, қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен алғашқы ауыр салмақта абсолют чемпион Александр Усиктен (16-0, 12 КО) кейін тұрған.

Енді жаңартылған рейтингте Ломаченко үшінші, Усик — төртінші, ал Головкин — бесінші. BoxRec рейтингі статистикалық ықпалдар негізінде компьютермен есептеліп жасалатындықтан бірегей болып келеді. 

BoxRec рейтингі:
1. Теренс Кроуфорд (АҚШ) — 1090 ұпай;
2. Сауль Альварес (Мексика) -1041;
3. Василий Ломаченко (Украина) — 846;
4. Александр Усик (Украина) — 826;
5. Геннадий Головкин (Қазақстан) — 814;
6. Луис Нери (Мексика) — 792;
7. Срисакет Сор Рунгвисаи (Тайланд) — 752;
8. Мигель Берчельт (Мексика) — 730;
9. Энтони Джошуа (Ұлыбритания) — 682;
10. Лео Санта Крус (Мексика) — 672.