Екатерина Айдова әлем кубогында ел рекордын жаңартты
Бұл күндері АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында конькимен жүгіруден әлем кубогінің финалдық кезеңі өтуде. Қазақстандық Екатерина Айдова ел рекордын жаңартып үлгерді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК баспасөз қызметі сілтеме жасап.
1000 метрге жарысудан Айдова сегізінші орын иеленді. Ол 1.13.7 уақыт көрсеткішін тіркеген болатын. Бұл қазақстандық спортшының ең үздік нәтижесі әрі Қазақстан рекорды саналады.
Аталған жарыста америкалық Бриттаний Боуи жеңімпаз атанса, жапониялық Михо Такаги мен Нао Кодайра өзара күміс пен қоланы бөлісті.
Дереккөз: prosports.kz/kz