ЕАЭО кубогы. «Атырау барыстары» жарысты жеңіспен бастады

0

Ереванда өтіп жатқан баскетболдан ЕАЭО кубогында «Атырау барыстары» алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Еревандағы бірінші ЕАЭО кубогына қатысып жатқан қазақстандық «Атырау барыстары» баскетбол клубы турнирдің алғашқы матчында «Урарту» БК командасынан 74:78 есебімен басым түсті.
Матчтың басынан ойын тізгінін өз қолына алған «барыстар» қарсыласына еш мүмкіндік бермеді. Нәтижесінде алғашқы кезеңде «Урарту» тек 9 ұпай жинай алды. Екінші кезеңнен бастап алаң қожайындары есепті қысқарта бастады.
Алайда ойынның басында жинаған ұпайларының арқасында атыраулықтар жеңіске қол жеткізді. Есеп — 74:78 (9:26, 21:18, 16:12, 28:22).
Айта кетейік, Армения баскетбол федерациясы 23-26 ақпан күндері Ереванда клубтар арасында ЕАЭО кубогы үшін халықаралық турнир өткізіп жатыр. Оған «Арсенал» БК (Тула, Ресей), «Урарту» БК (Ереван, Армения), «ЦОР-Борисфен» БК (Могилев, Беларусь) қатысуда. Қазақстан намысын «Атырау барыстары» БК қорғайды.



Дереккөз: prosports.kz/kz