Дзюдодан жастар арасындағы чемпионат өтіп жатыр

Атырауда дзюдодан жастар арасындағы чемпионат басталды.
Жарысқа 1999-2001 жылдары туған жастар қатысуда. Жайық жағасындағы додаға еліміздің барлық өңірлерінен 500-ге жуық спортшы жиналды.
Айта кетейік, дзюдодан республикалық чемпионат 5 наурызға дейін созылады. Жарыс қорытындысы бойынша дзюдодан Қазақстан Республикасының құрамасы жасақталады. Жарыс Жастар жылына және жас қазақстандықтар арасында спортты насихаттауға арналған.
Дереккөз: prosports.kz/kz