Джейкобс Головкиннің жолын ашық кесіп отыр » Vesti.kz

0
IBF белбеуін иеленген америкалық Дэниэл Джейкобс (35-2, 29 КО) орта салмақта WBC, WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альваресті (50-1-2, 34 КО) жекпе-жекке шақырды.

Джейкобстың сөзінеше, ол 15 желтоқсан Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтетін «Канело» мен екінші орта салмақтағы WBA «қарапайым» чемпионы британиялық Рокки Филдингпен (27-1, 15 КО) жекпе-жегін тамашалайды. 

Джейкобс «Канело» бұл күні қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) жұдырықтасады деген сөздерге қарамастан мексикалықпен 2019 жыл 4 мамырда жекпе-жек өткізгісі келеді. 

Головкин және Альварес үшінші жекпе-жек уақытын белгілеп қойғанға ұқсайды

«Канелоны» көздеп жүргенім жасырын емес. Сондықтан барамын бокс кешіне. Мұнан басқа жекпе-жекті осылайша қалаған емеспін. Бұкіл бокста мұндай ғаламат кездесу таппайсың. Істеу керекті істедім — Деревянченконы жеңдім. Жұдырықтасуға ешкімнің батылы жепеген жігітті. Белбеудің бірін иелендім. Оларды біріктіретін уақыт келді. Орта салмақта ең мықты мен екеніме сенімдімін. «Канело» өзін мықты екен деп жүр. Осыны енді анықтайық. «Канеломен» жекпе-жегім әлемдік бокстағы ең ірілердің бірі болуы мүмкін. «Канело» жанкүйерлерге күткенін берейік, 4 мамырда жұдырықтасайық», — деп келтіреді Джейкобстың сөзін BoxingScene. 

Дереккөз: http://kaz.vesti.kz/