Джанкарло Фаварин әріптесін баспен ұрып, нокаутқа түсірді
Италиялық «Луккезе» футбол клубының бас бапкері Джанкарло Фаварин әріптесін баспен ұрып, нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Алессандрия» клубының бапкерін ұрған Фаварин бес айға қызметінен шеттетілді.
Матч соңында «Луккезе» ойыншылары гол соғып, есепті теңестірген болатын — 2:2. Ойын аяқтала келе Фаварин «Алессандрия» клубының бапкерін баспен бетінен ұрып, талдырып тастады.
«Луккезе» бапкері өзінің түсініктемесінде Манчиноның балағаттағанын айтты.