Диего Симеоне жазалануы мүмкін

«Атлетико» командасының бас бапкері Диего Симеоне Чемпиондар Лигасы аясында «Ювентуске» қарсы ойында жасаған жағымыз әрекеті үшін дисквалификацияға ұшырауы мүмкін, деп хабарлайды prosports.kz.
Естеріңізге сала кетейік, командасы 2:0 есебімен жеңіске жеткен соң аргентиналық маман «Ювентус» жанкүйерлеріне қарата әдепсіз әрекет жасаған еді.
Егер UEFA оны кінәлі деп тапса туриндік командаға қарсы қарымта матчқа қатыса алмауы мүмкін.
Дереккөз: prosports.kz/kz