Денис Евсеев ITF Futures халықаралық турнирін жеңді » Vesti.kz

0
Қазақстандық теннисші Денис Евсеев жалпы жүлделік қоры 25 мың долларды құрайтын Гонконгта өткен ITF Futures серисясындағы турнирдің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Қазақстанның теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. 

Финалда Евсеев қытайлық Ксин Гаоны 6:4,1:6,6:4 есебімен ұтты. Матч екі сағат екі минут жалғасты. 

Мұның алдында қазақстандық Таиландтан келген Вишай Тронгчаронкуланы ұтты — 4:6,7:6(2), 6:4. Турнирдің екінші айналымында Евсеев жапониялық Жампей Ямасакиді 6:3,7:5 есебімен ұтты. Ал турнирдің бастапқы кезеңінде гонконгтік Чагу Ламудан басым болды — 6:1,2:6,6:3. 

Бұл қазақстандық үшін ITF Futures сериясындағы үшінші турнир. 

Айта кетейік, Есеев қос ойыншылар санатында 2018 жылғы Азия ойындарының жүлдегері және ITF Futuresв турнирлерінің жекелей санатында алтауында жеңіске жеткен.

ITF Futures — Халықаралық теннис федерациясы (ITF) ерлер арасындағ ұйымдастрыатын халықаралық кәсіпқой теннис турнирлерінің циклі. Бұл турнирде жиналатын рейтинг келесі деңгейдегі ATP Challenger, ары қарай АТР турларына жолдама береді. 

Дереккөз: http://kaz.vesti.kz/