Де Ла Хойя UFC президентін «Канелоның» андеркартында жұдырықасыға шақырды » Vesti.kz

0
Бокстан бұрынғы әлем чемпионы және мексикалық Сауль «Канело» Альварестің ісін жүргізетін Golden Boy Promotions компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя UFC президентін жекпе-жекке шақырды, — деп хабарлайды MMA Fighting.

Де Ла Хойя бокс ережесі бойынша үш раунд жұдырықтасуды ұсынды.

«Рингке шығайық. Неге жұдырықтаспасқа? Рингте кездесейік. Үш раунд. Кел шығайық. Сауль Альварестің турнирінде. Саған стероидтардан арылуыға бес ай берейін. Сосын жақсы қалыпқа келіп, үш раунд жұдырықтасамыз. Менен 20 келі ауыр екеніңе де дайынмын. Болады, мен дайынмын. Кел жұдырықтасайық», — дейді Де Ла Хойя. 

«Канелоның» промоутері өзін екі жүзді деген UFC президенті жауап берді

Айта кетейік, екі тарап бір-бірін сөзбен түйреп келе жатқанына біраз уақыт болды. Осылайша, Де Ла Хойя UFC президентін файтерлердің ақшасын жейді десе, өз кезегінде Дана Уайт бұрынғы боксшыны есірткіге тәуелді деген. 

Дереккөз: http://kaz.vesti.kz/