Дәурен Қыстаубаев командасының жеңісіне көмектесті

Қазақстандық киберспортшы Дәурен AdreN Қыстаубаев FaZe Clan құрамында ELEAGUE CS: GO Invitational турнирінде топ жарды. Жарыс Атлантада (АҚШ) өтті.
FaZe Clan турнир барысында немістің BIG және американдық Cloud9 командаларын жеңіп, 80 мың АҚШ долларын иеленді.