«Дәреже айырмашылығы үлкен». BoxingScene шолушысы Елеусіновке алдағы жекпе-жекте не істеу керегін айтты

0
BoxingScene.com және FightClub.com.tr сайттарының түркиялық шолушысы Сихат Гемичи Vesti.kz тілшісімен сұхбатында қазақстандық Данияр Елеусіновтің (4-0, 2 КО) никарагуалық Маркос Мохикомен (16-2-2, 12 КО) жекпе-жегінен не күтетінін айтып берді. 

«Бұл Елеусіновтің келесі қадамы. Бірақ бұл жолы оның қарсыласы тәжірибелі, алайда, оның Даниярға қарсы қоятын қаруы жоқ. Олардың дәрежесінде айырмашылық үлкен. Бастысы Елеусіновтің өзін қалай көрсетуі. Соңғы жекпе-жегінде оның жеңісі тамаша болды. Келесі жекпе-жекті де солай аяқтауын күтеді», — дейді Гемичи. 

Елеусінов — Мохика жекпе-жегі қарашаның 24-нен 25-не қараған түні «Казино де Монте-Карлодағы» бокс кешінде болады. Бұл кештің басты жекпе-жегінде алғашқы ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы ресейлік Денис Лебедев (31-2, 23 КО) америкалық Майк Уилсонмен (19-0, 8 КО) жұдырықтасады.

Данияр Елеусіновтің кәсіпқой рингтегі бесінші жекпе-жегі Қазақстанда тікелей эфирде көрсетіледі.