Данияр Елеусінов жекпе-жек алдында салмақ өлшеді

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (5-0, 3 КО) мексикалық Сильверио Ортиспен (37-23, 18 КО) жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Prosports.kz порталы.
Елеусінов 142,2 фунт (67,222 кг), ал оның қарсыласы 150,7 (68,356 кг) салмақты көрсетті. Боксшылар салмақ дәрежесіне сәйкес келмеді — 147 фунт (66,678 кг).
Бокс кеші Филадельфиядағы Liacouras Center аренасында өтеді.
Дереккөз: prosports.kz/kz