Данияр Елеусінов америкалық қарсыласын нокаутқа жіберді (ВИДЕО)

0

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов америкалық қарсыласы Мэттэ Дожртиді бірінші раундта нокаутқа жіберді деп хабарлайды Sports.kz сайты

Бұл 27 жастағы спортшының кәсіби бокстағы төртінші жекпе-жегі.

Ол осы уақытқа дейін қарсыластарына жеңісті бермей, өзінің абыройын сақтап келеді.

Айта кетейік, Елеусіновтің келесі жекпе-жегі 24 қараша күні Монте-Карлода өтеді. Алайда оның жаңа қарсыласының кім екенін әзірге белгісіз.