«Дайын боламын!». Қуат Хмитов жылдық үзілістен кейін жұдырықтасатын күнді атағаны ма?

0
Қазақстандық файтер Қуат «Найман» Хамитов кжұдырықтасуы мүмкін күнді атады, — деп хабарлайды Vesti.kz

«Fight Nights Global, 27 желтоқсан, МӘСКЕУ! Кеттік! Мен дайын боламын!», — деп жазыпты Хамитов Instagram желісінде.

Алайда Fight Nights Global ұйымының ресми сайтында қазақ файтерінің келесі жекпе-жегі туралы ақпарат жоқ. Дегенмен 27 желтоқсанда Fight Nights Global промоутерлік компаниясы GTC ұйымымыен бірге Ресей астанасының тұрығындары мен қонақтарына жаңа жылға сый тартатынын айтылған. 

«Москва Сити» іскерлік орталығының ультразаманауи Cition Hall кешенінің алаңында орнатылатын тордағы он жекпе-жек. Турнир спорт сүйер қауым үшін өтіп бара жатқан жылды аяқтаудың тамаша жолы, өткені басты жекпе-жекте көреремендер орта салмақта жеңілмеген чемпион Роман Крылов пен Швейцариядан келген ресейлік көреремендердің сүйіктісі Ясуби Эномотомен жұдырықтасуын тамашалай алады», — делінген хабарламада. 

Еске салайық, Хамитов соңғы рет былтыр 26 қараша алматыда жұдырықтасқан. Fight Nights 80 турнирінде ол ирландиялық Питер Куиллиді төрешілер шешімімен жеңген. алайда кейін Ресейдің ММА Федерациясы шешімді өзгертті. 

Бұл қорытынды бойынша 29 жастағы Хмитовтың көрсеткіші мынадай: 18 жеңіс (14 нокаутпен), алты жеңіліс пен бір рет тең.