«ЦСКА «Реалды» ойсырата жеңді » Vesti.kz
«Сантьяго Бернабеу» стадионында өткен кездесу 3:0 есебімен ресейлік клубтың пайдасына шешілді. Бірінші таймда ресейлік клубтың шабуылшысы Федор Чалов 37-ші минутта есеп ашты, араға алты минут (43-ші) салып қорғаушы Георгий Щенников есепті еселеді. Ойынның 73-ші минутында жартылай қорғаушы Арнор Сигурдссон финалдық кездесудің нүктесін қойды.
Осындай есеппен корольдік клубты жеңгеніне қарамастан небәрі 7 ұпай жинаған ЦСКА G тобында төртінші орынды қанағат тұтты. Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне бұл топтан «Реал» және италиялық «Рома»шықты. Ал чехиялық «Виктория» командасы Еуропа лигасында өнер көрсетеді.
Айта кетейік, 12 желтоқсанда Астана уақытымен 23:55-те чехиялық «Виктория Пльзень» мен италиялық «Рома» және испаниялық «Реал» мен ресейлік ЦСКА ойнады.
Ал 13 желтоқсанған қараған түні 02:00-де «Аякс» (Голландия) — «Бавария» (Германия), «Бенфика» (Португалия) — АЕК (Грекия), «Валенсия» (Испания) — «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Манчестер Сити» (Англия) — «Хоффенхайм» (Германия), «Шахтер» Донецк (Украина) — «Лион» (Франция) және «Янг Бойз» (Швейцария) — «Ювентус» (Италия) матчтері өтті.
QazSport арнасы «Реал» — ЦСКА және «Шахтер» — «Лион» матчтерін, ал Qazaqstan — «Валенсия — «Манчестер Юнайтед» кездесуін көрсетті.
Дереккөз: http://kaz.vesti.kz/