Букмекерлер «Астананың» Еуропа лигасы плей-офф кезеңіне жолдама алу мүмкіндігін болжады

- Жарнаманы баса кетіңіз -
13 желтоқсанда «Астананың» Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі шешуші матчі өтеді, – деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл ойында астаналықтарға франциялық «Ренн» қарсылас болады. 

Ойын францияда өтеді және Астана уақытымен 23:55-те басталады. Дәл осы ойында К тобынан Еуропа лигасы 1/16 финалына екінші жолдаманы кім иеленетіні анықталады. 

«Астанаға» өз тарихында плей-офф кезеңге екінші рет өту үшін «Реннге» ұтылмау қажет. Жеңіс немесе тең ойын қазақстандық командаға 1/16 финалға жол ашады. Ал жеңілген жағдайда ары қарай өтетін екінші команда «Ренн» болады. 

«Олимп» букмекерлік компаниясы шешуші ойынға келесідей коэффициенттер ұсынады: «Астана» жеңісіне – 4.75, тең ойын – 3.52, «Ренн» жеңісіне – 1.83. Осылайша, букмекерлер плей-оффқа франциялық команда өтеді деп болжап отыр. 

Айта кетейік, «Реннмен» матчқа дейін «Астана» ресми матчтер өткізбейді, ал франциялық клуб үш ойынға қатысады. Барлығы Франция чемпионатында. Чехиялық «Яблонцпен» түнгі ойынды есепке алғанда, франциялықтар 15 күнде бес ойын өткізеді екен. 

Загрузка...