Бүкіл карьерамда мұзға бұдан аз құлаппын». Мәнерлеп сырғанаушы Неймарды мазақ етті
«ПСЖ — «Ливерпуль» матчін тамашаладым. Бүкіл карьерамда мұзға құлағаным Неймардың 90 минуттағысынан аз», — деп жазыпты Туктамышева твиттерде.
Париждіктер бұл ойында «Ливерпульді» 2:1 есебімен ұтты. Гол салғандар Бернат пен Неймар. Топтық кезең аяқталуға бір тур қалғанда ПСЖ топта екінші болды. «Ливерпульге» плей-офф кезеңіне шығу үшін «Наполиді» ұту қажет.
Ал «Ливерпульдің» бас бапкері Юрген Клопп ПСЖ-мен матчтегі төрелікке наразы.
«Кедергіге ұшырадық: екінші таймда ойын 500 мың рет тоқтатылды және төреші бәрін дұрыс істедім деп ойлайды. Біз АПЛ-дегі ең таза командалардың біріміз, бірақ, бүгін бізді қасапшы етіп көрсетіп отыр.
Қорытындыны қабылдаймыз, алайда, мұның бәрі бір шатпақ боғандай сезім қалды. «Наполиді» 1:0 есебімен жеңсе «Ливерпуль» ары қарай өтеді? Тамаша. Біз гол соғамыз, ойын аяқталғаны туралы ысқырық болады да, бәріміз үйге қайтамыз», — деп келтіреді бапкердің сөзін BBC.