Бублик Майами турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Майами турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші жартылай финалда литвалық Ричардас Биранкиспен күш сынасты. Бублик дүниежүзілік рейтингте 131-орында болса, қарсыласы 82-сатыда еді. Соған қарамастан, Александр матч барысында басымдық көрсетіп, 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бәсеке сағат жарымға созылды. А.Бублик енді іріктеу сайысының финалында әлемнің 97-ракеткасы, ұлыбританиялық Дэниел Эванспен күш сынасады.
Дереккөз: prosports.kz/kz