Брэндон бочински — ҚХЛ плей-офф сұрмергені

Астананың «Барыс» хоккей клубының капитаны Брэндон Боченски ҚХЛ плей-офф сұрмергендері тізімінде алда келеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Ресейдің «Торпедосына» қарсы серияның бесінші матчында (3:1) 36 жастағы хоккейші «Барыстың» екінші шайбасын соқты. Осылайша, Боченски 9 ұпай (3+6) жинап, қарсыластарын басып озды.
Айта кетейік, Қазақстан клубының капитаны ассистенттер тізімінде де көш бастап тұр.
Дереккөз: prosports.kz/kz