Боливияда автобус құзға құлап, төрт футболшы қайтыс болды

0
108

Боливияда «Сиклес Клуб Лавалье» әуесқой футбол клубының төрт ойыншысы жол апатынан қайтыс болды. Бұл туралы Clarin мәлім етті.

Олар отырған автобус жолдан шығып, сайға қарай құлап кеткен. Оқиға Тариха және Потоси қалаларының арасында болды. Автобустың тежеуіші істен шығып, ол 130 метр тереңдікте жатқан сайға құлаған. Нәтижесінде, 13 адам қайтыс болып, 20-сы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

«Біз Инкауасидегі турнирге қатыспақ болдық. Қатарымызда он футболшы бар еді, енді алтауымыз қалдық», – дейді «Сиклес» футболшыларының бірі.

Өлімнен аман қалған алты ойыншы ауруханада жатыр. Жарақат алғандардың ішінде клуб президенті Пабло Родригес те бар.



prosports.kz