Болгарияда өтетін турнирге қатысатын балуандар анықталды

0

24 ақпан мен 4 наурыз аралығында Болгарияның Русе қаласында күрес түрлерінен «Дан Колов және Никола Петров» халықаралық турнирі басталады. 

Бүгінде аталған турнирге қатысатын еркін күрес балуандарының есімі белгілі болды. Қазақстан командасының бас бапкері Әсет Серікбаев Алматыдағы АІВА академиясында өткен бірлескен оқу-жаттығу жиынынан соң халықарлық жарыста бақ сынайтын спортшылар есімін атады.

Олар: Нұрислам Санаев (57 келі), Қуат Әміртаев (61 келі), Болат Сақаев (74 келі), Абылайхан Нұрсұлтанов (79 келі), Нұрдәулет Көктеубаев (86 келі), Азамат Дәулетбеков (86 келі).

Еске сала кетейік, қазақстандық балуандар бес ел спортшыларының қатысуымен өткен оқу-жаттығу жиынын аяқтады. 



Дереккөз: prosports.kz/kz