Болгарияда бес қазақ боксшысы финалға жолдама алды

0

Бүгін Болгарияда өтіп жатқан бокстан «Странджа» турнирінің жартылай финалдық кездесулері өтті, деп хабарлайды prosports.kz.

Жартылай финалда бес боксшымыз жұдырықтасты. Әрі бесеуі де жеңіске жетіп, ақтық сынға жолдама алды.

49 келі. Теміртас Жүсіпов – Леандро Хосе Бланко (Аргентина) — 4:1

60 келі. Зәкір Сафиуллин – Шункор Абдурассулов (Өзбекстан) — 4:1

64 келі. Санатәлі Толтаев – Андерсон Оливейре (Бразилия) — 3:2

69 келі. Абылайхан Жүсіпов – Евгений Барабанов (Украина) — 5:0

91 келі. Василий Левит – Абнер Джуниор (Бразилия) — 4:0. 

 



Дереккөз: prosports.kz/kz