Бокс залында ұзақ уақыт болмадым
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин рингке оралар алдында дайындығы жайлы айтып берді, — деп хабарлайды Vesti.kz. Головкин жаттығу лагеріне сәуірде оралады.
«Күнделікті өзімді жақсы сезінемін, бірақ бокс залында болмағаныма біраз уақыт болды. Мүмкін өз формамды жоғалтып алған шығармын, бірақ осылайша басқа боксшылар менімен жұдырықтасуға қызығушылық танытады деп ойлаймын», — деді Головкин.
Оның айтуынша, келесі жекпе-жектің қарсыласы әлі белгісіз. Бірақ ол көрерменге қызық болатын жекпе-жек көрсету үшін лайықты қарсылас болатынын айтты. Головкин соңғы рет былтыр қыркүйек айында рингке шығып, төрешілердің шешімімен мексикалық Сауль Альварестен жеңіліп қалған еді. Ол карьерасында бірінші рет жеңіліс тапқан болатын. Оған қоса, боксшы орташа салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тиутлдарынан айырылып қалды.
Головкиннің келесі жекпе-жегі маусымда болады. Бұл қазақстандықтың DAZN стриминг жүйесімен үш жылдық келісімшартында өтікізетін бірініші жекпе-жегі болады. Келісімшартта алты жекпе-жек көрсетілген, яғни жылына екі жекпе-жектен. Бұл келісімшарт бойынша өткізілетін бірінші жекпе-жек қыркүйекте Сауль Альвареске қарсы өткізілетін кездесуге дайындық деп хабарланып жатыр. Бірақ Канелоға бұл кездесудің алдында 4 мамырда болатын жекпе-жекте IBF титулының иесі Дэниел Джейкобсты жеңу керек.
Дереккөз: prosports.kz/kz