Бізге өз күшімізге деген сенімділік жетіскен жоқ

0

«Астана»- «Ақтөбе» (4:1) арасындағы кездесу аяқталғаннан кейін ақтөбелік команда бас бапкері Александр Седневтың қатысуымен баспасөз жиыны өтті:

— Бірінші кезекте жанкүйерлерді жаңа маусымның басталуымен және қарсыласты лайықты жеңістерімен құттықтаймын. Ойынның басында соққан жылдам гол жігіттердің құлшынысын оята білді. Қарсылас команда біздің қатты қыспаққа алды дей алмаймын. Жігіттер жоғары ойнауға қорқақтады. Артынша, стандарттық жағдайдан соғылған екі гол жағдайды мүлде басқа жаққа өзгертіп жіберді. Екінші таймда ойынға оралғымыз-ақ келді. Дегенмен, ойынды бір қалыпқа түсірген сәтте, өз күшімізге деген сенімділік жетіскен жоқ. Бұл ойын алдағы уақытта біздің өз күшімізге сенім артуға мүмкіндік береді деп ойлаймын. Себебі, біз жаңа ойыншыларды қатарымызға қоса алмадық. Алайда, бүгін алаңға шығып барын салған футболшыларға алғысым шексіз. Олар қолдан келгендерін жасады. 

— Жамбыл Көкеевтің физикалық жағдайына қандай баға бересіз? 

— Жамбыл жарақатына байланысты дайындық жұмыстарының ең маңызды кезеңін жібіріп алды. Көкеевті негізгі құрамда алаңға шығару, менің тарапымнан жасалған тәуекел болды десем артық айтқандық емес. Ол алаңда барын салғанына қуаныштымын. 

— Игорь Трофимецтің ойынына қандай баға бересіз? 

— Қақпашының қателігі бірден көзге көрінеді. Мен өз ойыншыларыма сенім артамын. Оның ішінде Игорь да бар. Ойын есебі 3:1-ге жеткенде, ол сенімді ойын көрсете бастады. Қазір командаға бапкердің көмегі емес, өздерінің мүмкіндіктеріне деген сенім қажет.



Дереккөз: prosports.kz/kz