Биыл үлкен жекпе-жектерге қадам басамыз

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов Prosports.kz тілшісіне берген сұқбатында мексикалық Абрахам Хуареспен өткен жекпе-жек туралы айтып берді.
— Бәрі ойдағыдай өтті. Жекпе-жекке қойған жоспарымызды орындадық. Бұл қарсылас қалғандарынан қарағанда мықты болды. Кездесу он раундтық болған соң бар күшімді жұмсамай, өз сәтімізді күттік. Тактикамыз дұрыс болды деп ойлаймын.
— Алдағы жоспарыңыз қандай?
— Алдағы жоспарлар әзірге белгісіз. Бірақ құдай қаласа биыл үлкен жекпе-жектерге қадам басамыз.
Естеріңізге сала кетсек, жақында Садриддин Ахмедов Канаданың Монреаль қаласында мексикалық Абрахам Хуаресті нокаутпен жеңіп, жастар арасындағы WBC белбеуінің иегері атанды.