«Бешбармақ ұнамады, алаңдары нашар». Аршавин Қазақстандағы өмірі жайлы » Vesti.kz

0
Алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин бұрынғы ресейлік футбошы әрі комментатор Евгений Савинге Қазақстандағы өмірі жайлы айтып берді.  

«Қайраттан» кететін Аршавин командалас «жұлдыздарынан» асып түсіпті

Савин мен Аршавин ресейлік премьер-лига матчтерінде бірнеше рет кездескен, ал 2007 жылы Ресей құрамасында бірге болған. Қазан айында Савин Алматыға келген еді, ал кеше, 5 қазанда осы тураплы жариялым жасады. 

— Қазақстанға 2016 жылы келдің. Көпшілік үшін бұл әлі 90-шы жылдары қалып қалған ел, алаңдары шаршаған, стадиондары нашар. Сен неге таңдандың? 
— Ондай бір таңғалыс болған жоқ. Мұндағы алаңдар расымен нашар. Стадиондар негізінен кеңестік дәуірдегі. Кеңестік қалалар да бар, бірақ, Алматы дамыған шаһар, Астана — тіптен заманауи. Алайда «Оқжетпеспен» барған жерлер болды, онда әлі кеңес үкіметіндегідей. 

— 2016 жылы Кубок финалынан кейін күміс жүлдені тастай салдың. Неге?
— Маған бірінші орын ғана керек!

— Сосын оны бір адам сатып жүрді.
— Бірақ қымбатқа емес қой, йә. 

— Скриптонитті тыңдайсың ба (Ресейде карьера жасап жүрген қазақстандық рэпер)?
— Жоқ. 

— Қазақстанда жей алмаған тағамыңды айтшы, шынымен түрі нашарын?
— Бешбармақ болды. Түрі жаман емес, бірақ, шынымен жей алмадым — бәрі майлы, ет, қамыр. 

— Қазақтардың басты бір жақсы не, жаман жағы?
— Нәсілдік немесе ұлттық тұрғыда қысым жоқ. Мұнда ондайды кездестіру қиын — мұнда әртүрлі ұлттар көп, бәрі өзін еркін сезінеді. Орыс тілін қолданады — қазақша білмесең ешкім намысыңа тимейді. 

Жаман жағы? Оларды қу деп есептейді. Бірақ жалпылай алғанда бұл ұлтқа қатысты дүние емес. 

— Әрбір футболшы карьеарсын аяқтаудан қорқады. Ары қарайғы өмірін уаймдайтын жігіттерді көрдім. Сен ше, уайымдайсың ба?
— Иә. 

— Ары қарай не болады?
— Білмеймін. 

— Футболда қаласың ба?
— Мүмкін. 

26 минут 30 секундтан бастап көріңіз:

Айта кетейік, кеше «Қайрат» Аршавиннің клубтан кететінін мәлімдеген.