Бес белбеуін қорғаған Усик P4P рейтингінде Головкинді сырғытып тастады » Vesti.kz

0
Алғашқы ауыр салмақта абсолют чемпион Александр Усик (16-0, 12 КО) британиялық Тони Бельюді (30-3-1, 20 КО) нокаутпен жеңгеннен кейін P4P рейтингінде төрт саты жоғарлады, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл жекпе-жек 10 қараша Манчестердегі украиналыққа тиесілі WBC, WBA (Super), WBO, IBF және The Ring белбеулері үшін өткен бокс кешінің басты оқиғасы болды. Усик қарсыласын сегізінші раундта нокаутқа түсірді.  

Бұл жетістік Усикке BoxRec нұсқасы бойынша P4P рейтингінде жетіден үшінші орынға көтерілуге мүмкіндік берді, осылайша, украиналық орта салмақтағы қазақстандық Геннадий Головкинді (38-1-1, 34 КО) төртінші орынға сырғытты. Ал рейтингті америкалық абсолют чемпионы Теренс Кроуфорд (34-0, 25 КО) бастап тұр, одан кейін мексикалық Сауль «Канело» Альварес (50-1-2, 34 КО). 

31 жастағы Усик 16 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетіп отыр (12 нокаут), ал 35 жастағы Белью үшінші рет жеңіліп отыр, сонымен бірге, кәсіпқой рингте ол 30 рет жеңіп (20 нокаут), бір рет тең түскен. Британиялық бұл жеңілісінен кейін карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді. 

Бұл Усиктің 21 шілде Мәскеуде өткен Бүкіләлемдік бокс сериясында (WBSS) төрешілер шешімімен ресейлік Мурат Гассиевті (26-1, 19 КО) жеңіп, ие болған абсолют чемпионы атағын алғаш рет қорғауы.

BoxRec нұсқасы бойынша Топ-10 P4P рейтингі:
1. Теренс Кроуфорд (34-0, 25 КО);
2. Сауль Альварес (50-1-2, 34 КО);
3. Александр Усик (16-0, 12 КО);
4. Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО);
5. Василий Ломаченко (11-1, 9 КО);
6. Луис Нери (27-0, 21 КО);
7. Сор Срисакет Рунгвисаи (47-4-1, 41 КО);
8. Мигель Берчельт (35-1, 31 КО);
9. Энтони Джошуа (22-0, 21 КО);
10. Лео Санта Крус (35-1-1, 19 КО).