Бейбіт Назаровтың кезекті жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

Kunlun Fight және WAFC Pankration тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Бейбіт Назаровтың кезекті жекпе-жегінің уақыты белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Titan FC 54 турнирі аясында болғалы жатқан жекпе-жек сәуір айында өтеді. Бұл туралы спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасындағы сторизінде жазды.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық өткен жылдың желтоқсан айында америкалық Мартин Браунға қарсы жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен жеңілген болатын.
Дереккөз: prosports.kz/kz