Батыр Жүкембаевтың қарсыласы өзгерді

0

Жеңіліс дәмін татпаған Батыр «777» Жүкембаевтың (14-0, 12 КО) қарсыласы жекпе-жекке екі күн қалғанда өзгерді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Батыр Жүкембаев мексикалық боксшы Карлос Хименеспен (14-9-1, 8 КО) жұдырықтасу қажет болатын. Алайда оның қарсыласы өзгерді. Батыр мексикалық боксшы Хильберто Месамен (10-5-1, 6 КО) қолғап түйістіреді.

Жекпе-жекті «Хабар» телеарнасы 17 наурыз күні таңғы сағат 08:00-д көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, 6 қарашада өткен соңғы жекпе-жегінде Батыр Жүкембаев қарсыласы Патрисио Мореноны ұрып құлатты. Бұл жекпе-жек WBC International белбеуі үшін өткен болатын.



Дереккөз: prosports.kz/kz