«Басқасы қызық емес!». Жәнібек Әлімханұлы қашан әлем чемпионы болатынын айтты

0

Орта самлақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) тағы да әлем чемпиондарын айқасқа шақырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

«Маған тек чемпиондық жекпе-жек керек, басқасы маған қызық емес! Мен WBO рейтингінде екінші орындамын. Мен кез келген чемпионды жеңемін.

Жыл соңына дейін чемпион болуым керек.

Маған титулы жоқ боксшылар керек емес. Мен осыған дейін бұрынғы әлем чемпионын жеңгенмін», — деп жазыпты Әлімханұлы «Твиттер» желісінде.