«Барыс» қытайлық клубтан жеңіліп қалды
«Барыс» ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында өз айдынында «Куньлунь РС» командасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Соңғы турларда тамаша өнер көрсетіп жүрген елордалықтардың бүгін жолы болмады. Матч бойы айқын басымдылыққа ие бола тұра қонақтарға есе жіберді.
«Барыс» негізгі кездесуді нашар бастаған жоқ. Бірінші минутта-ақ шайба соғып, алға шыққан. Алайда жеңісті есепті ұстап тұра алмады. Қытайлық команда қорғана жүріп аса маңызды жеңіске қол жеткізді.
Осылайша, «Барыс» Шығыс Конференциясының турнирлік кестесінде төртінші орында тұр. Еншісінде 46 матчта жинаған 65 ұпайы бар. «Куньлунь РС» 47 ойыннан кейін 43 ұпай жинап, тоғызыншы орынға жайғасты.
«Барыс» (Астана, Қазақстан) — «Куньлунь РС» (Пекин, Қытай) 1:3 (1:2, 0:0, 0:1)
Шайба соққандар:
1:0 — 00:39 Маклюков (Кормье).
1:1 — 10:46 Лунд (Фонтэйн, Лофквист).
1:2 — 13:39 Ип (Лаюнен).
1:3 — 59:47 Ип. В меньшинстве,
«Барыс»: Карлссон — Блэкер, Полохов, Даллмэн, Диц, Сведберг, Орехов, Маклюков — Михайлис, Волк, Петухов, Акользин, Боченски, Кормье, Фрэттин, Петерссон, Бойд, Старченко, Сагадеев, Шевченко, Асетов;
«Куньлунь РС»: Кархунен — Лаюнен, Лофквист, Виклунд, Ярвинен, Витасек, Юйэнь — Сето, Ип, Локхарт, Сквайрз, Палола, Фонтэйн, Сен-Пьер, Латта, Шор, Лунд, Мертл.
Бас төреші: Сергей Морозов, Артур Кулев
Қапталдағы төреші: Никита Вилюгин, Александр Николаев
10 қаңтар. Астана. «Барыс Арена» 4 654 көрермен.