«Барыс» овертаймда «Салават Юлаевты» жеңді

ҚХЛ кезекті матчында елордалық «Барыс» өз айдынында Уфаның «Салават Юлаев» командасын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Овертаймда «Барыс» есеп ашты. Канадалық Патрис Кормье қазақстандықтарға жеңіс голын сыйлады — 1:0.
Осылайша, 69 ұпаймен астаналықтар плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын шықты.
«Барыс» Астана – «Салават Юлаев» Уфа 1:0 ОТ (0:0, 0:0, 0:0, 1:0 ОТ)
1:0 Кормье 63:23
Қақпашылар: Карлссон — Метсола
«Барыс Арена» (Астана), 7106 көрермен.
Бас төрешілер: Виктор Бирин, Андрей Рогачев