«Барыс» КХЛ Шығыс конференциясында үшінші орынға көтерілді » Vesti.kz

0
«Барыс» хоккейшілері ҚХЛ дәстүрлі чемпионатында «Сибирь» командасын қонақта жеңді, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойын 12 қарашада, Новосибирск қаласында өтті. 2:1 есебімен овертаймда қонақтардың пайдасына шешілді. Ойынның хаттамасымен мына жерден танысуға болады. 

Ойынның төртінші минутында қазақстандық клуб сапында өнер көрсететін швециялық сұрмерген Андре Петтерсон есеп ашты. 16-шы минутта «Барыс» қорғаушысы Даррен Дицаның соққан шайбасы есептелмеді. 

Ойынның дәл ортасында алаң иелері есепті теңестірді. Шабуылшы Дмитрий Саюстов көзге көріне білді. 

Кездесу барысныда «Барыс» шабуылшысы канадалық Мэтт Фрэттин мен команда капитаны Брэндон Боченский жарақат алып, әрі қарай жалғастыра алмады. 

Негізгі уақыт аяқталып, овертайм кезінде (64-ші минутта) астаналық клубтың шабуылшысы Кертис Волк кездесудің нүктесін қойды. Осылайша «Барыс» қатарынан үш ойында жеңімпаз атанды. 

Осы жеңістен кейін, қоржынында 39 ұпайы бары «Барыс» ҚХЛ Шығыс конференциясында үшінші орынға көтерілді. «Сибирь» 13 ұпаймен 12-ші орында. 

Ендігі кезекте «Барыс» үш рет өз алаңында ойнайтын болады. 14 қарашада «Шығыс» рейтингінде 11-ші тұрған «Амур» командасымен кездеседі. Кездесу Астана уақыты бойынша 19:30-да басталады.