«Барыс» хоккейшісіне қарсы дөрекі ойнаған «Авангард» қорғаушысы жазаланды

0

Құрлықтық хоккей лигасының спорт-тәртіптік комитеті «Барыстың» мәлімдемесі бойынша елордалық клубтың «Авангардқа» қарсы матчын қарастырды,  деп xабарлайды Prosports.kz сайты.

Нәтижесінде, «Авангард» қорғаушысы Коди Франсонға «Барыс» ойыншысына қарсы дөрекі ойнағаны (Басынан не мойнынан ұру) үшін қаржылай айыппұл салынды.

Айта кетейік, ҚХЛ плэй-офф кезеңінің ширек финалындағы «Барыс» — «Авангард» матчы қонақтардың пайдасына 3:1 есебімен аяқталған болатын.



Дереккөз: prosports.kz/kz