«Барыс» екінші ойында «Авангард» командасын жеңді

0

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы плей-офф кезеңінің 1/4 финалы аясында омбылық «Авангард» (Ресей) командасымен екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бүгінгі кездесуде елордалық команда 4:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша сериядағы жалпы есепті теңестірді.

Айта кетейік, 14 наурызда «Барыс» 1:3 есебімен жеңіліп қалған болатын.



Дереккөз: prosports.kz/kz