«Барселонаға» жылауық футболшы үшін 50 миллион ұсынылды » Vesti.kz

0
Каталондық «Барселонаның» жартылай қорғаушысы Малком қытайлық «Гуанчжоу Эвергранд» клубының қызығушылығын тудырып отыр. 

Goal мәліметінше, қытайлық клуб 21 жастағы бразилиялық үшін 50 миллион ұсынып отыр. «Гуанчжоудың» бас бапкері Фабио Каннаваро Қытай чемпионатының командаларға қойған қаржылық шектеуіне қарамастан трансферді мақұлдады. 

Мұның алдында Малкомға бірнеше қытайлық клуб қызығып, олардың бірі 65 миллион еуро ұсынғаны хабарланған. 

Еске салайық, 2017 жылы жазда «Барселона» Малкомның трансферіне франциялық «Бордоға» 41 миллион еуро берді және осы амалымен италиялық «Романың» жолын кескен. Биылғы маусымда Малком алаңға Испания чемпионатының бес матчінде ойнады, алайда, нәтижелі әрекетімен көзге түспеді. 

Бразилиялық «Барселона» үшін алғашқы голын Чемпиондар лигасында салған. «Интер» қақпасына дәл соққыдан кейін ол алаң шетіне барып, көз жасын тыя алмаған еді.

Желтоқсанда футболшы Испания кубогындағы «Культураль Леонесамен» (4:1) ойында жарақат алды. Командасы үшін бір гол салып, тобығын жарақаттаған ойынша алаңнан шығып бара жатып та көзіне жас алды. Жарақатты жазуға 10-15 аптадай уақыт қажет. 

Дереккөз: http://kaz.vesti.kz/