«Барселона» қорғаушысы Жорди Альбамен келісімшартты ұзартты

«Барселона» өзінің қорғаушысы Жорди Альбамен келісімшартты ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың ресми парақшасына сілтеме жасап.
5 жылға ұзартылған келісімшарт бойынша өтемақы 500 млн еуроны құрайды.
Каталондық клуб сапында Жорди Альба 14 титул жеңіп алған. «Барселона» құрамында 282 матч өткізіп, 14 гол соққан.
Жорди Альба — Лионель Мессидің басты асис берушісі. Қорғаушы клуб капитанына 20 рет нәтижелі пас берген екен.
Дереккөз: prosports.kz/kz