«Барсаның» қаржылық қиындықтарына байланысты Неймарды «Реал» алып қоймақ » Vesti.kz

0
Каталондық «Барселона» мен мадридтік «Реал» франциялық «Пари Сен-Жермен» және Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймарға қызығушылық танытып отыр, – деп хабарлайды Marca.

26 жастағы форвард 2013 – 2017 жылдар аралығы каталониялық клуб сапында болған, осыдан кейін Францияға ауысқан. 

Алайда «Бареслона» басшылығы мен команда ойыншылары, клубқа қайтқысы келіп жүрген бразилиялықты қабылдауға дайын сияқты. Дегенмен бұған «Барселонаның» жаңа футболшыларды сатып алуына байланысты қаржылық жағдайы мүмкіндік бермей отыр. 

Сонымен қатар, Неймарға «Реал» қызығушылық танытып отыр. Мадридтіктердің президенті Флорентино Перес біраздан бері бразилиялықты өз командасында көргісі келеді. 

Оның үстіне «Реалда» қазір қаржы бар, осыған орай клуб келесі жылы Неймарға жақсы ұсыныс жасамақ. 

Қалай дегенмен соңғы шешімді ПСЖ қабылдайды. 2017 жылы жазда париждіктер Неймардың трансферіне 222 миллион еуро төлеген. Клуб пен ойыншы арасында осыған лайықты ұсыныс жасалса бразилиялықтың кетуіне рұқсат етілетін келісім бары айтылады. 

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз