Бактиёр Зайнутдинов ойынның 94-минутында гол соқты (Видео)

0
809

Бүгін футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу сатысында төртінші ойынында Қазақстан сырт алаңда Босния және Герцоговинамен кездесті, деп хабарлайды kznews.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бүгінгі кездесуде алаң иелері алғашқы минуттан тізгінді өз қолына алуға тырысты. Қос қанаттан бірнеше мәрте шабуыл ұйымдастырды. Оған қазақстандық футболшылар лайықты тойтарыс берді. Осылайша бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ.

Екінші кезеңде босниялық құрама алға қарай ұмтылды. Десе де қарсы шабуыл ұйымдастырған қазақстандық құрама есеп ашып кетті. Оны 51-минутта жартылай қорғаушы Исламбек Қуат өзінің еншісіне жазды.

Ал 74-минутта Қазақстан құрамасының қақпасына пенальти белгіленді. Оны босниялық Миралем Пьянич мүлт жіберген жоқ. Оның әріптесі Лука Менало 85-минутта бұрыштамадан әуелете берілген допты қақпада тулатты. Ойынның 94-минутында қазақстандық Бактиёр Зайнутдинов таразы басын теңестірді. Осылайша Қазақстан қарсыласымен 2:2 есебімен тең түсті.