Әжбенов төртінші жеңісіне қол жеткізді

Жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық Нұртас Әжбенов кәсіпқой рингте төртінші жекпе-жегін өткізді. Кардиффтегі бокс кешінде ол британиялық Крис Адавеймен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Боксшылар алты раунд бойы жұдырықтасып, жеңімпаз төрешілер шешімімен анықталды, нәтижесінде Әжбенов 60:53 есебімен ұтты.
Айта кетейік, 24 жастағы отандасымыз кәсіпқой рингте әлі де жеңілген жоқ.
Дереккөз: prosports.kz/kz