Атырауда дзюдодан жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтеді

0

2-5 наурыз аралығында Атырау қаласында жастар арасында дзюдодан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді.

Атырау татамиінде 400-ден аса жас спортшылар өзара мықтыны анықтайды. Жекелей және командалық Чемпионатқа 1999-2000 жылы туған жастар қатысады. Ел біріншілігінің нәтижесінде халықаралық турнирлер мен Азия, Әлем Чемпионаттарында ел намысын қорғайтын Қазақстан жастар құрамасы жасақталады. Жарыс Атырау қаласындағы «Жайық» спорт кешенінде өтеді.



Дереккөз: prosports.kz/kz