Атырауда дзюдодан Қазақстан біріншілігі басталды
Атырауда дзюдодан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты жалауын көтерді.
Ел чемпионатының салтанатты ашылу рәсіміне Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов, Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Житкеев, Күрес түрлері бойынша республикалық Олимпиадалық даярлау орталығының директоры Мұратбек Қыпшақбаев, Атырау дзюдо федерациясының президенті Нұрлыбек Ожаев қатысты.
Сондай-ақ, жарыстың ашылу салтанатында Буэнос-Айресте өткен жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы Сәдуақас Бекарыс «ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» куәлігімен және оның бірінші бапкері Азамат Балпухов «ҚР Еңбегін сіңірген жаттықтырушы» куәліктерімен марапатталды.
Жарыстың алғашқы күнінде қыздар -44 келі, -48 келі және -52 келі салмақ дәрежесінде, ал ұлдар -55 келі, -60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады.
Назарларыңызға бірінші жарыс күнінің жеңімпаздары мен жүлдегерлер тізімін ұсынамыз:
Ұлдар
55 кг
1. Ұлықбек Әбілхайр (Атырау облысы)
2.Сүндет Алмазұлы (Шымкент)
3.Шерзод Давлатов (Алматы)
3.Мағжан Әбіласан (Қызылорда облысы)
60 кг
1.Болат Білал (Жамбыл облысы)
2.Абдусамат Бақыт (Атырау облысы)
3.Дамир Болатбеков (Алматы облысы)
3.Есентай Иманханов (ШҚО)
Қыздар:
44 кг
1. Құлым Сара (Түркістан облысы)
2. Маргарита Бажаева (Қарағанды облысы)
3. Хамария Амиргалиева (Атырау облысы)
3.Айсұлу Жулманова (Қостанай облысы)
48 кг
1.Ғалия Тынбаева (Алматы)
2.Ақмарал Науатбек (Астана)
3.Бибіхан Набиева (Қызылорда облысы)
3.Айсұлу Орынғазықызы (ШҚО)
52 кг
1.Нұрсұлу Ералиева (Алматы облысы)
2.Балнұр Құрманбай (Алматы)
3.Диана Ғайбулла (Қызылорда облысы)
3.Ақмарал Ерназар (Жамбыл облысы)
Дереккөз: prosports.kz/kz