Астанада классикалық шахматтан әлем чемпионаты өтеді

0

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанада өтетін классикалық шахматтан әлем чемпионатына шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

— Классикалық шахматтан әлем чемпионаты тұңғыш рет елімізде өтеді! Бұл — қазақстандық шахмат мектебінің даму жолындағы тарихи кезең! Біздің шахматшыларымыз үшін өте маңызды оқиға! Чемпионаттың Қазақстанда болатынына бүкіл әлем қызыға қарап отыр. Осы сайыстың өтуіне ERG компаниялары тобы үлес қосып, қолдау көрсетті.

5 — 14 наурыз аралығында (10 наурыз демалыс күні) АХҚО ғимаратында (Астана, Мәңгілік ел, 55/18, С-3.3 павильоны) Чемпионаттың барлық 9 туры өтеді(күніне бір тур). Турнирлердің бәрі сағат 15:00 басталады, тек соңғы, тоғызыншы тур сағат 12:00 өтеді. 

Турнирге Әзірбайжан, Армения, Ұлыбритания, Венгрия, Грузия, Египет, Индия, Иран, Қытай, АҚШ, Ресей, Украина, Швеция және Қазақстаннан 20 құрама — 10 әйелдер, 10 ерлер командалары қатысады. Әлем чемпиондары, FIDE 2018 Олимпиадасы нәтижесі бойынша рейтингі жоғары 6 команда келеді, қабылдайтын Федерациядан екі команда, FIDE Президенті тағайындаған екі команда қатысады. 

Осы керемет ойынды жақсы көретіндерді біздің құраманың жанкүйері болуға шақырамыз! Кіру тегін! Баршаңызды күтеміз!, — деп жазды министр фейсбуктегі парақшасында.



Дереккөз: prosports.kz/kz